Кәсіпкерлерден түскен өтініштер негізінен салық, жер және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Прокуратура мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлер қызметіне жүргізілген 6 заңсыз тексерісті анықтады. Мысалы, Мұнайлы ауданының санитарлық қадағалау органы қоқысты өңдеумен айналысатын "Ландфил" ЖШС қызметіне тіркеуден өтпеген тексеру жүргізген. Нәтижесінде бұл тексеру заңсыз деп танылды, жауапты органның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК 175-бабы 20 АЕК).